Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары көші-қон саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соның ішінде:
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан көші-қон заңнамасын бұзудың 31 дерегі;
- шетел азаматтарын қабылдаған тұлғаларға қатысты 23 заң бұзушылық;
- шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 6 фактісі тіркелді.
Сонымен қатар көші-қон ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 шетелдік азаматты елден шығару туралы сот шешімдері қабылданды.
Полиция департаменті көші-қон саласындағы бақылауды күшейтіп, заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы шараларды тұрақты түрде жалғастырады.