«Кешьюде» 1-2 жыл істейсің, содан кейін жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев Баян Алагөзованың жобасын сынға алды (ВИДЕО)

/
«Кешьюде» 1-2 жыл істейсің, содан кейін жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев Баян Алагөзованың жобасын сынға алды (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың белгілі шоуда "Кешью" тобы жайлы айтқан пікірі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба кезінде ол жас қатысушыға продюсерлер Баян мен Бағымды таңдамауға кеңес беріп, көрермендердің назарын өзіне аударды.

"Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе "Кешьюға" барасың. Саған қамқоршы болатын аға керек. Сені қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. "Кешьюде" 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүру керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек", - деді ол. 

Беспаевтың бұл сөзіне Бағым Мұхитденқызы жауап берді.

"Кешьюден кім жоғалды? Біз жеке проектермен де жұмыс істейміз. Және олар көп", - деп жауап берді музыкалық продюсер. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары