Шымкентте ер адам бәстің салдарынан 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Otyrar.kz сайтының жазуынша, оқиға қала тұрғыны досымен бәстесіп, бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқаннан кейін болған.
Біраз уақыттан соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.
Қазіргі сәтте науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.
Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және әдейі бөгде заттарды жұтпау керегін ескертті.