ҚХЛ: Өз алаңында ойнаған «Барыс» тағы да жеңіліп қалды

/
ҚХЛ: Өз алаңында ойнаған «Барыс» тағы да жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» өз алаңында Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новосибирдің «Сибирь» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойынның алғашқы секундында-ақ төбелес болып, оны Мэйсон Морелли жеңіп шықты. Бұдан кейін алаң иелері Саят Данияр мен Тайс Томпсонның күшімен үзіліске дейін екі жауапсыз шайба соқты. Екінші кезеңде ресейлік команда алты минут ішінде үш рет гол салып, алға шықты.

Соңғы жиырма минуттықта Райли Уолш есепті теңестіріп, ойын овертаймға, кейін буллиттер сериясына ұласты. Мұнда «Сибирь» мықтырақ болып шықты, ал қазақстандық клуб қатарынан алтыншы рет жеңіліп қалды.

17 қазанда «Барыс» өз алаңында Омбының «Авангард» командасын қабылдайды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары