Абай облысында 13 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

/
Абай облысында 13 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Абай облысы ПД

Абай облысы полиция департаменті хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Саржан Аружан Ануарқызына іздеу жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, 13 қазанда ол Бородулиха ауылы Достық көшесі, 9-үй мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

«Аружан 2012 жылы 26 маусымда туған. Жасы 13-те. Белгілері: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, өңі қараторы. Көзінің астында меңі бар. Бойы 155–160 см шамасында, арықша денелі.

Үстіндегі киімі: қара түсті күрте, ақ түсті капюшоны бар толстовка, ақ түсті кроссовка.

Егер суреттегі қыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса,

төмендегі телефон арқылы хабарласыңыз: 102», – делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары