Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды

/
Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Полиция. Фото: polisia.kz

Қарағандыда полицейлер ірі көлемдегі психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның ақпаратынша, тексеру кезінде 40 жастағы Астана тұрғыны басқарған көліктен Тропикамид препаратының 82 қаптамасы, Прегабин Рихтер 30 препаратының 6 қаптамасы және Мидакс препаратының 240 қаптамасы тәркіленді.

"Барлық препарат сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Полицейлер күдікті мен оның сыбайластарын анықтау және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары