ҰҚК аса ірі көлемде жемқорлық жасап, қашып жүрген адвокатты ұстады

/
ҰҚК аса ірі көлемде жемқорлық жасап, қашып жүрген адвокатты ұстады
ҰҚК

11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, ол аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.

Күдікті қазір тергеу изоляторында қамауда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары