Абай облысының колледжі халықаралық марапатқа ие болды

/
Абай облысының колледжі халықаралық марапатқа ие болды
Абай облысының білім басқармасы

Ақтау қаласында TurkihSkills халықаралық чемпионаты өтті. Іс-шара аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Стартаптар мен инновациялық жобалардың орталығы» номинациясы бойынша жоғары марапатқа Абай облысы білім басқармасының IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі ие болды.

Марапатты Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова табыстады. Ол колледждің инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, студенттік стартаптарды қолдауға және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізудегі еңбегін атап өтті.

Бұл жетістік – колледж ұжымының оқу процесіне жаңа тәсіл енгізудегі және студенттердің кәсіпкерлік пен инженерлік құзыреттерін дамытудағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары