Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру жөнінде ашық байқау жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, байқауға тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлер, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады. Өтінімдер тек онлайн форматта, kezekte.kz платформасы арқылы 2025 жылдың 15 қазанынан 20 қазанына дейін қабылданады.
Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысанда электрондық өтінім мен толық құжаттар пакетін ұсынуы қажет.
Мемлекеттік грант 5 миллион теңгеге дейінгі сомаға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға беріледі.
Грант алу үшін кәсіпкерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
• жобаны кемінде 20% көлемінде өз қаржысымен бірлесіп қаржыландыру;
• жаңа жұмыс орындарын құру;
• жобаны жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым мен инвестициялық жоспардың болуы.
Грант қаражаты төмендегі мақсаттарға жұмсалуы мүмкін:
• негізгі құралдар мен шикізатты сатып алу;
• материалдық емес активтер мен технологияларды алу;
• франчайзинг (кешенді кәсіпкерлік лицензия) сатып алу;
• ғылыми-зерттеу және жаңа технологияларды енгізу шығындары.
Грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант шартына қол қойылған күннен бастап 18 айдан аспауы тиіс.
Егер көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге аспаса немесе негізгі құрал сатылып, баламалы мүлікпен ауыстырылмаса, кәсіпкер алынған қаражатты толық көлемде қайтаруға міндетті.
Ұйымдастырушы: Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Электрондық пошта: b.kasymov@astana.kz
Телефондар: 55-69-03, 55-69-19, 55-69-21, 55-69-10.
Мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар:
1. жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;
2. жалдау ақысы ретінде пайдалануға;
3. негізгі құралдарды/активтерді (қызметтерді алу/жұмыстарды орындау) кәсіпкермен аффилиирленген/байланысты тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан сатып алуға (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес анықталады);
4. бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жол берілмейді.
Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (шарт/контракт/жабдықтың паспорты/сапа сертификаты) расталуы тиіс.
5. жеңіл автокөліктерді сатып алуға, жүк тасымалына арналған, кабинадан бөлек жүк платформасы бар көліктерден басқа, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автокөліктерін және жеңіл көлік құралдарын жалға беру мен прокаттау жобаларынан басқа;
6. ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара мал, құс, ара және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары) сатып алуға, тамақ өнімдерін өндіру жобаларын қоспағанда, егер олар өңдеу өнеркәсібіне жататын болса.
Мемлекеттік грант қаражаты бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында қолма-қолсыз түрде кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына аударылады (пайдаланылған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).
Бір кәсіпкерге берілетін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 5 (бес) миллион теңгеге дейін белгіленеді, өтінімде көрсетілген сұратылған сомаға сәйкес.
Мемлекеттік гранттар төменде көрсетілген кәсіпкерлерге берілмейді:
1. қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған кәсіпкерлерге;
2. салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар кәсіпкерлерге;
3. негізгі қызметі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге;
4. мемлекеттік грант сомасының кемінде 20%-ын (ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) бірлесіп қаржыландыруды өтінім берген кезде растамаған кәсіпкерлерге;
5. мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары тізілімінде тұрғандарға;
6. кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;
жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында); 8. басқа өңірде тіркелген және өз бизнес-жобасын байқау өткізілетін өңірден тыс жерде іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге.
Байқау комиссиясы мемлекеттік гранттарды жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін беру/бермеу туралы шешімді төмендегі критерийлер негізінде қабылдайды (оның ішінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып): 1. бизнес-идеялардың әлеуметтік бағыттылық деңгейі / «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша өңірлік өнім рейтингі; 2. бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық сұраныстың зерттелуі – маркетингтік талдау); 3. жобаны іске асыруға дайындық деңгейі (өндірісті ұйымдастыру, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың бар болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосуға дайындық деңгейі).
Әлеуметтік бағыттылық деңгейі критерийіне жұмыспен қамтуды арттыруға, табысты ұлғайтуға, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге, инклюзияға, экологиялық тұрақтылыққа, қызмет көрсетуге, жұмыс орындауға және әлеуметтік қолдау саласындағы жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануға бағытталған жобалар жатады.
Байқауға қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім бере алады. Өтінімдер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.
Мемлекеттік грант алу үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға үміткер кәсіпкерлер келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін PDF форматында өтінімге қоса тіркейді: 1. өтінім берген сәттегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы, басшының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған анықтама; 2. бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстардың кемінде 20%-ын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар – кәсіпкердің ағымдағы шотындағы ақшалай қаражаттың бар екені туралы банк шотының үзіндісі немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар; 3. кәсіпкердің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.