Екатеринбург – Алматы автожолында үш жылқыны көлік қағып кетті

/
Екатеринбург – Алматы автожолында үш жылқыны көлік қағып кетті
istockphoto.com

Екатеринбург – Алматы автожолының 1162-шақырымында көлік жануарларға соғылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның ақпараты бойынша, BMW 520 маркалы автокөліктің жүргізушісі Астана қаласына қарай келе жатып, жол үстінде тұрған үш жылқыны қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазір жануарлардың иелері анықталып жатыр. Олар табылғаннан кейін заң аясында тиісті шаралар қолданылатын болады.

Белгілі болғандай, көлікте үш бала болған, олардың бірі – жаңа туған сәби.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары