Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актриса Гүлбаушан Тілеубекова "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бұрынғы енесі әртіс болуына қарсы болғанын айтып, жолдасымен ажыратып жібергенін жеткізді.
«Жолдасым Әшірбек– өте мықты жігіт. Суретші, зергер еді. Ол Шымкенттің жігіті болды. Ол жақтың салт-дәстүрі өзгеше. Аз тұрдық. Қызымның кішкентай кезінде ажырасып кеттік. Енем маған «сен әртіс емес, мұғалім бол» деп айтты. Мен қалай мұғалім боламын Әке-шешем 7 жыл оқытты. Мен сахнаға шығуым керек. Енді Шымкентте солай ғой. «Сен шықпа, саған болмайды. Сен үйде отыруың керек. Ақшаны күйеуің тауып әкеледі. Осы үйде бала тууып, бағып отырыуың керек» дейтін. Мен ата-анам сонша жыл оқытқан соң, олар жемісін көруі керек. Не үшін оқыдым. Жолдасым да өнердің адамы ғой,ол да мені түсінуі керек. Біздің арамызға түспеңіз десемде бәрібір ажыратты. Енем жолдасыммен ажырастырды.
Махаббатпен қосылдық. Ол да бір кезінде әдемі, білімді жігіт болатын. Қолы шебер еді. Өнерідң адамы. Екі жақта да керемет той болды. Бірақ бір-біріміздітүсінген жоқпыз.
Бір жаман жерім бірін шорт кесем. Оған «Мен саған әйел бола аламаймын. Үйде отыра алмаймын. Мен өнерге барам, бірақ тамағынды, киіміңді, жағдайыңды жасап оытрамын. Саханаға шығыуым тиіс. Сахнаға шықпасам ауырамын» дедім. Олар үлкен кісілердің, әсіресе аналарының айтқанын істейді ғой. Әкесі қайтыс болып кеткен-тін. Қазір анасының қайтыс болып кеткеніне де біраз уақыт болды.
Қазір оның өз отбасы бар. Қыздарым араласып тұрады. Оған қарсы болмадым» , – деді Г. Тілеубекова.