Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еш жерде жарияланбаған видеосын жария етті

/
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еш жерде жарияланбаған видеосын жария етті
Әлеуметтік желіден

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің видеосы мен фотоларын жария етіп, марқұм күйеуіне желі парақшасында жазба арнады.

"Топырағыңыз торқа болсын, қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір", - деп жазды әнші желі парақшасында бөліскен видеоның сипаттамасына.

Видеодан Жүнісова жан жарымен бірге "Айша" есімді тотықұсына арнап ән салып отырғанын байқауға болады.

Оқырмандардың бірі әншіден тотықұс бүгінде қайда екенін сұрады.

"Зәкеңнің туысқаны мен жоқта шомылдырып, тордың бір жағын жаппапты, негізі өзім ғана 10 жыл бойы душқа түсіріп, торын төрт жағынан екі сағатқа бүркеп тастайтынмын, кепкесін ашатынмын, ана қыз қымтамағасын, терезе ашық бопты, содан жел тиіп, өліп қалды", - деп оқырманына жауап берді Мақпал Жүнісова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары