Кофе ішіп отырып музыка тыңдау өнімді жұмыс істеуге көмектеседі

/
Кофе ішіп отырып музыка тыңдау өнімді жұмыс істеуге көмектеседі
cурет: istockphoto.com

Кофе ішіп сүйікті музыкаңызды қатар тыңдау адамның белсенділігін едәуір арттырады. Бұл туралы Psychopharmacology журналында жарияланған жаңа зерттеуде айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар анықтағандай, кофеиннің аз дозасы мен музыканың үйлесімі спортшылардың реакциясын, сергектігін және жалпы көңіл күйін жақсартады. Мұндай әсер тек кофе ішкен немесе тек музыка тыңдаған адамдарда байқалмаған.

Зерттеу авторлары Слахеддин Деллели мен әріптестері:

Кофеиннің төмен дозасы мен шабыттандыратын музыканы біріктіру спортшылардың нәтижесін арттырудың тиімді стратегиясы болуы мүмкін, – дейді.

Мамандар бұл тәсілді тек спортта ғана емес, зейін мен сергектікті талап ететін кез келген істе қолдануға болатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары