Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

/
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді
istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді.

Барлық негізгі метрика бойынша инфляцияның өскені байқалды. Жылдық инфляция қыркүйекте 12,9%-ға дейін қарқын алып (тамызда – 12,2%), Ұлттық Банктің болжамынан асып түсті. Азық-түліктің жекелеген санаттары қарқынды түрде қымбаттап келеді. Бұл өндіріс шығындарымен және импорт құнының өсуімен байланысты. Сонымен қатар сервистік инфляция да (15,3%) реттелетін қызметтердің (30,4%), сондай-ақ бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы есебінен айтарлықтай үлес қосты. Жанар-жағармай нарығын ырықтандыру шараларын жалғастыру аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция қарқын ала бастады (10,8%) – отын бағасы бір жылда 11,9%-ға қымбаттап, қыркүйекте 3,4%-ға өсті.

Осы жағдайларда, инфляцияның нақты деңгейі болжамнан асып түскеніне байланысты ақша-кредит саясатын қатаңдату мақсатында Комитет базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылдады.

Алтын-валюта операцияларын теңдестіру, ЕТРТ-ны өзгерту, микро және макропруденциялық шектеулерді енгізу шараларымен бірге бұл шешім инфляциялық динамика мен күтулерді тұрақтандыруға, теңгедегі активтердің құнын ұстап тұруға және инфляция қарқынының арту тәуекелдерін болдырмауға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары