Филиппин жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

/
Филиппин жағалауында қуатты жер сілкінісі болды
istockphoto.com

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше Минданао аралының солтүстік-шығыс жағында магнитудасы 7,4 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерасты дүмпуі теңіз түбінен 53 шақырым тереңдікте тіркелген.

Алайда Филиппиндегі Вулканология және сейсмология институтының (Phivolcs) мамандары жер сілкінісінің қуатын одан да жоғары — 7,6 балл деп бағалады. Негізгі дүмпуден кейін аймақты 5,2 және 4,9 магнитудалы афтершоктар (қайталама дүмпулер) шайқаған. Бұл литосфералық плиталардың белсенді қозғалысы жалғасып жатқанын көрсетеді.

АҚШ-тың цунами жөніндегі ескерту жүйесі аймақта цунами қаупі бар екенін дереу хабарлады. Теңіз жағалауында тұратын тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану, төтенше жағдай қызметтерінің хабарламаларын бақылау және қажет болған жағдайда биік аймақтарға эвакуациялану ұсынылды.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, Филиппин Тынық мұхитының «отты белдеуі» деп аталатын аймақта орналасқан — бұл Жер шарындағы ең сейсмикалық белсенді өңірлердің бірі. Мұнда тектоникалық плиталардың соқтығысуы жиі жойқын жер сілкіністері мен жанартау атқылауларына себеп болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары