ҚХЛ: «Барыс» жеңілістен көз ашпай келеді

/
ҚХЛ: «Барыс» жеңілістен көз ашпай келеді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Челябінің «Трактор» клубымен сырт алаңда кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші кезеңде есепті Максим Мұхаметов ашты. Екінші кезеңде алаң иелері таразы басын теңестірді, алайда Ансар Шайхмедденовтің төбелесінен кейін қонақтар қайта алға шықты. Бұл жолы Семен Симонов көзге түсті. Дегенмен ресейлік команда үшінші кезең басталмай жатып есепті қайта теңестірді. Соңғы жиырма минутта есеп өзгермеді, ал овертаймда жеңіс «Тракторға» бұйырды. Осылайша қазақстандық клуб төртінші матч қатарынан ұтылды.

12 қазанда «Барыс» өз алаңында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын қабылдайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары