Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша лимитті ұлғайтты

/
Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша лимитті ұлғайтты
istockphoto.com

Қазақстанда «7-20-25» ипотекасы бойынша несие сомасының шекті мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Енді қазақстандықтар бұрынғы пайыздық мөлшерлеме мен шарттарды сақтай отырып, қымбатырақ тұрғын үй сатып ала алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі бағдарламаға қандай өзгертулер енгізді?

Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру;

  • Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтеру;
  • басқа өңірлерден 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделген.

Сондай-ақ қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары