Павлодарда ер адам өртенген үйден отбасын құтқарып, өзі көз жұмды

/
Павлодарда ер адам өртенген үйден отбасын құтқарып, өзі көз жұмды
istockphoto.com

Павлодар облысы Тереңкөл ауданында ер адам өрттен отбасын құтқарып, өзі қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

ТЖД мәдліметінше, 9 қазан таңертең өрт сөндіру қызметінің пультіне жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үйдің ағаш шатыр құрылымдары толықтай отқа оранған болатын. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлеріне 1982 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде тапсырылды. Алайда өрт сөндіру қызметі келгенге дейін ер адам өз әйелі мен үш баласын терезе арқылы құтқарып үлгерген. Барлығы жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Өкінішке қарай, ер адам ауруханада қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары