Канада ғалымдары бөтелкедегі судың қауіпті екенін дәлелдеді

/
Канада ғалымдары бөтелкедегі судың қауіпті екенін дәлелдеді
сурет: istockphoto.com

Канаданың Конкордия университетінің ғалымдары бөтелкедегі су краннан ағатын судан да зиянды болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Зерттеу Journal of Hazardous Materials журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, бөтелкедегі суда микропластик мөлшері жоғары: бұл бөлшектер ағзаға еніп, қан арқылы өмірлік маңызды органдарға дейін жетеді. Орта есеппен адам жылына 39-52 мың микропластик бөлшегін жұтады, ал үнемі бөтелкедегі суды ішетіндер бұл көрсеткішті 90 мыңға арттырады.

Ғалымдар микропластиктің пайда болуын температура ауытқулары мен күн сәулесінің әсерінен бөтелке материалының ыдырауымен түсіндіреді.

Зерттеу авторы Сара Саджеди атап өткендей:

«Бұл қауіп бірден байқалмайды: микропластик ағзаны баяу әрі жасырын уландырады. Ол созылмалы қабынуға, гормонның бұзылуына және жүйке жүйесінің ауруына әкелуі мүмкін».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары