Жезқазғанда жер опырылып, жұмысшы қайтыс болды

/
Жезқазғанда жер опырылып, жұмысшы қайтыс болды
istockphoto.com

Қайғылы жағдай Жезқазған қаласындағы Теміржол көшесінде коммуналдық жөндеу жұмыстары кезінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz 

Halyqstan.kz мәліметінше, жер қазу барысында “Бектан” ЖШС қызметкерін шамамен екі метр тереңдікте топырақ басып қалған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер 50 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерек бойынша Жезқазған қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (“Еңбекті қорғау талаптарын бұзу, адам өліміне әкеп соғу”) бойынша іс қозғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары