Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім заңсыз ісі үшін қамауға алынды

/
Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім заңсыз ісі үшін қамауға алынды
Полиция. Фото: polisia.kz

Қарағандыда киберполиция қызметкерлері SIM-карталарды заңсыз активациялады деген күдікпен 17 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, өткен айдың ортасында жасөспірім әлеуметтік желілердің біріндегі топқа тіркеліп, сол жерде топ модераторынан WhatsApp аккаунттарын сату және SIM-карталарды активауиялау туралы ұсыныс алған. Жеңіл табыс табамын деген оймен ол ұсынысқа келіскен. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде өз ұялы телефоны арқылы оннан астам аккаунтты активациялап, заңсыз әрекет жасаған.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Киберполиция қызметкерлері аккаунттар мен SIM-карталардың қандай мақсатта пайдаланылғанын анықтап, қылмыстық әрекетті ұйымдастырған және оған қатысы бар тұлғаларды іздестіруде.

Полицейлер мұндай жағдайлар өзге жастарға сабақ болып, "жеңіл жолмен табыс табу" деген түсініктің соңы бас бостандығынан айыруға алып келетінін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары