Елімізде ең төменгі жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес есептелмек

/
Елімізде ең төменгі жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес есептелмек
istockphoto.com

Сенат депутаттары дамушы елдер ерекше ескерілетін ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды turkystan.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта:

  • жұмысшылардың және олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін, сондай-ақ елдің экономикалық даму деңгейін ескеретін ең төменгі жалақыны белгілеу;
  • заңдық күші бар және төмендетуге болмайтын ең төменгі жалақы міндетті болады;
  • мемлекеттерге ең төменгі жалақыны қайта қарау тәртібі бекітіледі, ондай кезде жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында тиісті консультация жүргізіледі.

Отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конвенция ең төменгі жалақыны елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге азаматтарымыздың нақты қажеттілігін ескере отырып есептеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары