Қайрат Нұртастың әкесі үлкен той жасады

/
Қайрат Нұртастың әкесі үлкен той жасады
Жеке парақшасынан

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Алматыдағы мейрамханада 60 жас мерейтойын атап өтті. Жары, продюсер Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды тілегін арнады. 

«Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын! Саған үйленгеніме өкінген емеспін» деп ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің бүгін туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жолдасына арнап, жаңа әнінің тұсауын кесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары