Діни материалдарды заңсыз таратқан 2 петропавлдық жауапқа тартылды

/
Діни материалдарды заңсыз таратқан 2 петропавлдық жауапқа тартылды
Полиция. Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізген Петропавл тұрғынын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер азаматтарды рухани сұхбат пен діни білімді тек ресми тіркелген діни ұйымдардан алуға шақырады. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматқа ескерту берілді.

Тағы бір петропавлдық жауапқа тартылды. Ол интернет кеңістігінде діни мазмұндағы фото және бейнематериалдар таратқан. Айта кетейік, ол өткен жылы да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын.

Полиция өкілдері заң бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудегі мақсат — жазалау емес, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, "Заң және тәртіп" қағидатын жүзеге асыру екенін еске салады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тарату тек діни ғимараттарда, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары