Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға күтпеген ұсыныс жасады

/
Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға күтпеген ұсыныс жасады
Коллаж: Turkystan.kz

Атақты спортшы Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында фильм түсірейін деп жатқанын айтты. Ол алғашқы фильмін келесі жылы түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сценарийді өзім жаздым. Актерлерді де өзім таңдаймын. Жобаның қаржылық жағын толықтай көтеремін. Бұл фильм мен үшін жай дебют емес. Оның Қазақстан кинематографиясына жаңа леп әкелгенін қалаймын», - деп жазған ол.

Мұны оқыған желі қолданушылары оған Сабина Алтынбекованы фильмге түсіруге шақыруды ұсынды.

«Жақсы идея! Сабина, не айтасың?», - деп жазды ол.

Бірақ Сабина жауап бермеген.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары