Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек - журналист

/
Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек - журналист
Әлеуметтік желіден

Журналист Ержан Төлек әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы сапары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек.

«Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш Жаһанға қазақтың руһын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елдерде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз. Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады.

Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет!», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары