«AMANAT»: Жасанды интеллект мұғалімді басы артық жұмыстан арылтып, білім беру саласын дамыту ісіне тың серпін беруге тиіс

/
«AMANAT»: Жасанды интеллект мұғалімді басы артық жұмыстан арылтып, білім беру саласын дамыту ісіне тың серпін беруге тиіс
Суретті түсірген: Талғат Таныбаев, Әли Ғалым

Еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен ЖОО оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы«AMANAT» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында бас қосты. Талқылау тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімнің рөлі мен білім беру саласындағы инновация. Сондай-ақ ерекше көзге түскен педагогтарға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT»партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов мұғалімдерді өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, педагогтардың қоғам өміріндегі және ел дамуындағы айрықша рөліне тоқталды. Ол «AMANAT»-тың негізгі тірегі педагогтар екенін атап өтті. Себебі Қазақстандағы 600 мың мұғалімнің 260 мыңға жуығы – партия мүшелері.

«Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – адал, білімді, әділетті азамат тәрбиелеу. Бұл процесс үйден басталып, мектепте жалғасын табады. Әр баланың отаншыл болып өсуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуі, айналасына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы маңызды. Президент айтқандай, әр адам өзі адал болса, заңды құрметтесе ғана Әділетті Қазақстанды құра аламыз. Ал ондай буын тәрбиелеу – мұғалімдердің тарихи миссиясы. Осы істе партия әрдайым сіздермен бірге болады», – деді ол.


Партия Төрағасы цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру туралы өте ауқымды міндет қойғанын еске салды. Бұл білім беру жүйесіне қажет маңызды мүмкіндіктерге жолашады.

«Мектеп тек даму үдерісіне ілесіп қана қоймай, оны басып озуға тиіс. Мәселе енді жасанды интеллект білім беру жүйесінде қажет пе, жоқ па деген сауалда емес, оны тиімді енгізуде.Бір нәрсені үнемі есте сақтау керек – мұғалім мектептің жүрегі болып қала береді. Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оны басы артық жұмыстан арылтып, ең негізгі міндетін – оқушыға білім беру, тәрбиелеу және тұлғалық қасиетін қалыптастыру ісін алаңсыз атқаруына мүмкіндік беруге тиіс», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысының білім беру жүйесін қолдауға қатысты саясаты мен оның тапсырмасы бойынша «Педагог мәртебесі туралы»Заңның қабылдануы оң нәтиже бергеніне назар аударды. Кейінгі төрт жылда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі үш есе артты. Мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Биылдың өзінде мектепке он мыңнан астам жас маман келді.Олардың арасында жоғары балл жинаған түлектер мен «Алтын белгі» иегерлері бар. Халықаралық зерттеу нәтижелері мұғалімдердің басым көпшілігі өз жұмысына көңілі толатынын көрсетті.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы да педагогтарға белсенді қолдау көрсетіп келеді.Мәжілістегі партия фракциясының қолдауымен халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарын тәрбиелеген педагог-тәлімгерлерге арнайы төлем қарастырылатын заң мақұлданды. Мұндай оқушылар енді «Болашақ» бағдарламасы бойынша грантқа үміткер бола алады. Заңнамалық деңгейде мектеп қабырғасында тамақтандыру барысын бақылауды күшейту, балабақшалар мен білім беру ұйымдарына жер учаскелерін бөлу, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерініңмәртебесін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

«AMANAT» партиясының Төрағасы ұстаздар қауымын толғандырған мәселелер де аз емес екенін атап өтті. Олардың қатарында, мектеп қабырғасындағы шамадан тыс қағазбастылық, түрлі іс-шарада кезекшілік ету, мектеп чаттары мен әлеуметтік желілерді жүргізу жүктемесі, сондай-ақ ұстазға тән емес өзге де міндеттер бар. Сондай-ақ мұғалімдердің қауіпсіздігін арттыру, оларды қорлау мен психологиялық қысымнан тиімді қорғау нормаларын күшейту қажет. Мұғалімнің ең негізгі міндеті – балаларға білім беру. Ұстаздарды оданөзгесі алаңдатпауы керек. «AMANAT» партиясы бұл ұстанымды әркез қорғайтын болады. Тіпті, заңнамалық өзгерістер енгізуге де күш салады.

Партия мұғалімдерді жаңа технологиялармен және ең алдымен, жасанды интеллектпен белсенді жұмыс істеуге дайындайды. Атап айтқанда, мұғалімдерге жаңа технологияларды игеруге көмектесетін тегін курстар мен әдістемелік материалдары бар цифрлық платформа құру жоспарлануда. Сондай-ақ алғашқы пед-хакатон өткізіледі. Онда мұғалімдер ЖИ-ді мектепқабырғасында қолдануға қатысты өз идеяларын ұсына алады. Ал үздік ұстаздар шетелдетағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар мұғалімдер Цифрлық кодексті әзірлеу жұмысына тартылады. Осы арқылы олардың практикалық тәжірибесі білім берупроцесіне қатысушылардың мүддесі құжатта көрініс табуына көмектеседі.

Іс-шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова сөз сөйледі. Сонымен қатар «Мұғалім Talks» қатысушылары өздерінің кәсіби тұрғыда қалыптасу тарихымен бөлісті және әріптестерімен бірге кәсіби сын-тегеуріндерді талқылады.

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Даулешяр оқушылармен бірге қолда бар заттардан құрал-сайман, тіпті жасанды қол протезін жасап, балаларды қалыптан тыс ойлауға үйрететінін, ғылымға деген сүйіспеншіліктерін оятатынын айтты. Ақмола облысы Аршалы ауылындағы тарих пәнінің мұғалімі Ольга Давыдова STEM мен жасанды интеллект әдістерін пайдалану арқылы тарих ғылымына жан бітіруге болатынын көрсетті. Түркістаннан келген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әмәлият Арқалық педагогты қажетсіз қағазбастылықтан арылту үшін цифрлық құралдарды пайдалануды ұсынды. Астана қаласындағы информатика пәнінің мұғалімі Салтанат Садықова жасанды интеллектті пайдалана отырып, тапсырмаларды шағын жобаларға айналдыруда. Сол арқылы оқушылар өз шешімін негіздеуге және қорғауға үйренеді.

Семей қаржы-экономикалық колледжі директорының орынбасары Асхат Мұханов жұмысшы мамандықтар өзгерістердің алғы шебінде тұратынын атап өтті. Себебі жасанды интеллект оқу шеберханаларында маңызды құралға айналуда. Қостанайдан келген тарих пәнінің мұғалімі әрі ерекше баланың анасы Ұлжан Байгенжина қызмет барысында шаршап-шалдығу мәселесіне және педагогтардың өзара қолдаукөрсету ісін кеңейту қажет екеніне назар аударды. 

Атыраудан келген химия пәнінің мұғалімі Ибраһим Бақдәулетұлы оқушыларды олимпиадаға дайындау кезінде ЖИ қолданудың тәжірибелік мысалдарымен бөлісті. Жетісу облысы Жыланды ауылындағы мамандандырылған лицей-интернатының директоры Эльмира Рапилова Алматыдан туған ауылына оралып, жоғары оқу орындарымен және демеушілермен әріптестік орната отырып, өз колледжінде инженерлік білім беру сапасын қалай арттырғанын айтты. Отырыс модераторы – белгілі тележүргізуші Сағыныш Әбікей.

Іс-шара соңында Ерлан Қошанов бірқатар қатысушыға «Ұстаз – ұлт айнасы» партиялық наградасын табыстады. Биылдан бастап аталған наградамен жыл сайын еліміздің үздік педагогтары марапатталады. Сондай-ақ кәсіби қызметібарысында елге сіңірген еңбегі үшін мұғалімдерге Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомстволық наградалар табыстады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары