Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы салем-сауқат әкелген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сәлемдемені жеткізуші бөлке нанның ортасына ұялы телефон мен қуаттағышты жасырып өткізбек болған. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.
Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.
Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.