8 қазан күні сағат 08:17-де «112» жедел қызметінің пультіне Ақсу қаласындағы ұйымдардың бірінде төтенше жағдай орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1968 жылы туған ер адам КамАЗ жүк көлігін басқарып келе жатып, ғимарат қабырғасына соғылған. Соқтығыс салдарынан жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалған.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдарды қолданып, зардап шегушіні кабинадан қауіпсіз түрде шығарып алды.
Ол дереу жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ер адам ауыр жарақаттан аман қалды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.