Актер Дархан Мұсаев экс-әйелі Дариға Бадықованың тарапынан түскен арызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол даулы сұхбат бергенге дейін өз-өзіне қол салмақ болғанын айтты.
«Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Туған-туысқандардан, жақындардан. Әрқайсына жеке-жеке жауап қайтармайын деп Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат бердім. Бәріне бір жауап болсын деп шештім.
Ал оған дейін қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Сол уақыттың ішінде өз-өзіме қол жұмсауға дейін бардым. Тойға, киноға баруға былай тұрсын, тіпті көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанша, сотталып кеткенім артық. Мен өз ақиқатымды айтамын. Қандай арыз-шағым түсірсе де мен өз пікірімді айтамын. Керек десеңіздер шындық детекторынан өтуге де дайынмын», – деді ол.