Абай облысында 137 шетел азаматы ұсталып, елден шығарылды

/
Абай облысында 137 шетел азаматы ұсталып, елден шығарылды
Полиция. Фото: polisia.kz

Абай облысында жыл басынан бері әкімшілік істердің қорытындысы бойынша сот шешімімен 100 шетелдік, "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 37 азамат Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар оларға еліміздің аумағына қайта кіруге бес жылға дейінгі мерзімде тыйым салынды. Бұл – еліміздің көші-қон талаптарын елемегендер үшін қатаң ескерту ғана емес, маңызды сабақ.

Профилактикалық жұмыстарға да ерекше назар аударылуда.

Көші-қон қызметі мамандары шетелден келген азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарын, атап айтқанда елімізде болу тәртібі, уақытылы тіркелу, еңбек қызметін жүргізу ережелерін сақтау қажеттігін үнемі түсіндіреді.

Бұл жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Сонымен қатар көші-қон қызметі жұмыс берушілермен кездесулер өткізіп, шетелдік жұмыс күшін заңды түрде тарту жолдарын да түсіндіруде.

Шетелдік азаматтар тұратын немесе жұмыс істейтін орындарда тексеріс жүргізіліп, бірлескен рейдтер ұйымдастырылып тұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары