ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барстан» айласын асыра алмады

/
ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барстан» айласын асыра алмады

Астаналық «Барыс» Қазан қаласында Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында жергілікті «Ак Барс» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы периодта алаң иелері бір шайбамен алға шықты. Екінші кезеңде Артем Галимов дубль жасап, есепті еселей түсті. Үшінші кезеңде фаворит команда басымдығын арттырды. Алайда соңғы 137 секундта Дінмұхамед Қайыржан, Майкл Веккьоне және Всеволод Логвин қатарынан шайба салып, есеп айырмасын 4:3-ке дейін қысқартты. Дегенмен, бұл «Барысқа» жеңісті қайтаруға жеткіліксіз болды. Осылайша, команда қатарынан үшінші ойында жеңіліс тапты.

Келесі кездесу 9 қыркүйекте өтеді. «Барыс» сырт алаңда Челябінің «Трактор» командасымен кездеседі. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары