Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті

/
Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімнің пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция кәмелетке толмағанға қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті — кәмелетке толмаған — ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары