Қазақстандық Виктор Друзин Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада 198.7639 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екінші орынды Ремма Феруучи 191.0126 ұпаймен, үшінші орынды Ваттикорн Кхетхиранканок 132.2613 ұпаймен алды.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.