«Газдан уланып өлген: Шымкентте үндістандық студенттерге пәтерін жалған берген үй иесі сотталды

/
«Газдан уланып өлген: Шымкентте үндістандық студенттерге пәтерін жалған берген үй иесі сотталды
istockphoto.com

Шымкентте екі адамның өліміне әкелген газ жабдығын орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушы Қарасу шағына уданындағы пәтеріне «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң талаптарына қайшы келіп, қауіпсіздік нормаларын бұза отырып, газ су жылытқыш орнатқан. Соған қарамастан, 2024 жылдың тамыз айында әйел пәтерін Үндістаннан келген бес студентке жалға берген.

Бір ай өткен соң, 2024 жылдың қыркүйегінде, жалға алушылардың екеуі — 21 және 22 жастағы студенттер — істен шыққан жылытқышты қосқан кезде көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған.

Тергеу барысында пәтер иесінің қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын білгені, бірақ соған қарамастан жабдықты пайдалануға рұқсат еткені анықталды. Сотта ол кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады.

Прокурор оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын, бірақ Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде өтеуді сұрады.

Сот әйелдің кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын және зейнет жасына жеткенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша — қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда екі адамның өліміне себеп болғаны үшін — кінәлі деп таныды. Айыпталушыға төрт жыл шартты жаза тағайындалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары