Шымкентте автобус астында қалған әйел адам көз жұмды (ВИДЕО)

/
Шымкентте автобус астында қалған әйел адам көз жұмды (ВИДЕО)

Бүгін таңертең, шамамен сағат 10:30 шамасында Шымкенттегі Жібек Жолы көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Өкінішке қарай, әйел адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары