Ел намысымды ез қылған адамды толықтай білу керек – Дариға Бадықованың экс-күйеуі

/
Ел намысымды ез қылған адамды толықтай білу керек – Дариға Бадықованың экс-күйеуі
instagram

Кешелі бері әлеуметтік желілерде Дариға Бадықова мен оның экс-күйеуі Дархан Мұсаев арасындағы дау толастар емес, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдағы уақытта мән-жайды толық баяндайтын деректі фильм түсіретінін айтқан Дархан Мұсаев бүгін тағы да мәлімдеме жасады.

"Мен сіздерге сұхбатта әлі толық ештеңе айтқан жоқпын. Ер намысымды ез қылған адамды толықтай ел білу керек! Сол себептен барлық шынайы өмірдегі кең пейілін ыстық сұхбаттан тамашалай аласыздар.

Қазақстанда тек еркектер емес әйелдерін тастап кететін, әйелдерде тастап кететіне көздеріңіз жеткен шығар! Сол себептен бірлесіп қоғамның дертімен күресейік!

Ыстық сұхбат дайын болды. Ол деректі фильмде аудио, видео, диктафон қондырғысындағы жазбалармен бейнеленіп көрсетіледі. Сол жерден кейіпкердің нақты өмірдегі шынайы болмысымен туа біткен қасиеті көрсетіледі. Ол деректі фильмнен кейін өздеріңіз түбегейлі ойларыңыз өзгеріп көздеріңіз жетеді. Бұл фильмнен кейін айтылған сөздерді ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл фильмді дайындауға көп ақша, уақыт, маңдай тер кетті", - деп жазды ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары