«Құлагер» хоккей клубының басшысы ұсталды

/
«Құлагер» хоккей клубының басшысы ұсталды
istockphoto.com

«Құлагер» хоккей клубының команда басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында «Құлагер» хоккей клубының бірнеше спортшысы команда басшысы Сергей Фильге қатысты полицияға арыз жазғаны белгілі болды. Арыздарда оның Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету сылтауымен Ресей азаматтығы бар хоккейшілерден ақша жинап, кейін ірі сомамен жоғалып кеткені айтылған.

Бейресми деректер бойынша, күдікті хоккейшілерден бір миллион теңгеден астам қаражат алған.

СҚО полициясы команда басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап, оның тұрған жерін анықтау және ұстау шараларын жүргізген. Нәтижесінде Сергей Филь Қарағанды қаласында қысқа мерзім ішінде ұсталды.

«СҚО полициясы 45 жастағы Астана тұрғынын екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Ол полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары