Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова Динара Сәтжанға берген сұхбат беріп, жан-сырын ақтарды деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурор атышулы соттан кейінгі танымалдық өміріне көп өзгеріс әкеліп, тіпті кесірін тигізгенін жасырмады.
“Бұл істен кейін өмірін түбегейлі өзгерді. Өзім тұйық адаммын, жұмыс істейтін салам да танымалдықен ұштаспайды. Өзім көпшілік алдында жүрген адам емес едім, оған дайын да болмадым, ұмтылмадым да. Мен өз проблемалары, отбасы бар қарапайым адаммын. Үй киіммен алаңсыз далаға шығудан қалдым. Бірақ мұндай құрылымда жұмыс істеп жүріп, танымал болу өте қиын. Күйуім, балаларым бар. Күйеуіммен жақында ғана өмірімізді қайта қалыпқа келтіре бастадық. Керісіп қалатын сәттер болды. Балаларыма да мен туралы айтатын адамдар бар. Сондықтан мен үшін қиын болды”, – деп мойындады Айжан Аймағанова.