Актер Дархан Мұсаев Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Дариға Бадықовамен не себепті ажырасқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мен бір-ақ нәрсені кешірмеймін. 2023 жыл. "Хотя бы кино-2" Таиландта түсірілді. Ол сол фильмге түсуге кетті. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым, бірақ білдіртпедім. Келді де, "Ойбай, Олжас деген керемет адам екен. Оған көмектесейік. Біз өнерде пиарный ходты дұрыс пайдаланайық. Оны емдетейік. Қазір қанша актермен серіктес болдым. Енді мен Олжаспен партнер болсам, бізде танымалдық артып, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан киностудия ИП ашамыз, Олжасты емдейік" деп ерекше, сондай бір тонмен айтты. Маған қызық көрінді. Жарайды деп, өтірік, дымбілместің рөлін ойнап, көрейінші деп жүрдім. Бірақ қай жерге дейін барады екен деп барлық ақпаратты жинап жүрдім.
Сөйтіп жүргенде "Таптым-ау сені" киносын түсіретін болып шештік. Қазақстанға келген соң киноның жұмысы басталып кетеді. Тағы да одан арман өрбіп бара жатыр. Маған ол тірліктер ұнамайды. Жарайды, оны да күтейінші. Енді ер-азаматпыз ғой, өз әйелін қызғанбаған азамат азамат емес деген намыс бар. Дариға дедім, әй осы сен Олжас, Олжас дей бересің. Тегі сені қызғанғаным емес, осы сенің көңілің кетіп бара жатқан жоқ па дедім. "Ойбай, қайтемін?" деді. Бір сендім, тағы да жүрміз.
Бір күні киноның түсірілімі басталды. Барсам, Олжас менен теріс айналып қашып жүр. Бәрін біліп жүрдім. Дариғадан тағы сұрадым. "Дариға, мен барып жүрейін де. Сыртқы жұмыстарды жасай бермей, жаныңда жарың, тіреуің бар екенін көрсін. Ішкі жұмысқа да кірісейін" дедім. "Сен келмеші. Сен келсең мен ойнай алмай қаламын. Олжас та ойнай алмайды. Сенен қорқады" деп әңгіме айтты. "Әй, мынауың маған ұнамай тұр, шыныңды айтшы. Көңілің кетіп қалды ма?" деп едім, "Сен мені кім деп тұрсың?" деп истерика шығарды. Өткендегіден он есе қатты сендірді. Жарайды деп сыртқы жұмыстарды істеп жүре бердім.
Бір кезде Олжас тәртіп бұзды да, үйге алып келіп ұстап отырдық. Әйтпесе, жоқ болып кетіп, таппай қаласың. Екеуіміз де бір жердің азаматымыз. Братан, братан деп жүрдік. Талдықорғаннанбыз. Сөйтіп сыйлап жүргенмін. Үйге келіп жатып, тамақ ішіп жүрген. "Ой братан" деп асты-үстіме түсіп жүрген бала ғой. Жаман ойым болмасын деп ол да нандырды.
Кино бітті, монтаж, жұмысын бітірдік. 2023 жылы 1 желтоқсанға қойдық премьераны. Бір жарым ай қалғанда қажылыққа барамын. Ол осы жақта кино жұмыстарымен қалады. Он күнге барып келемін, премьераға, клипке, саундтрекке дайындаламыз деп жоспармен кетемін. Келген соң жұмысқа кірісейін десем жақындатпайды. Үйге аптасына 2-3 рет қонады. Тағы да хабарласып "Әй, Дариға, қайдасың? Әй, сен шыныңды айтшы. Қопаратын болса қопарып жіберейін" деп қатты айта бастадым. "Мынау маған ұнамай бара жатыр. Не болып кетті? Олжаспен көңілің неғып кетті ме?" деп айттым. Тағы да шу шығарды. Жарайды дедім.
Киноның премьерасы басталды. Ол жұмыстарға кіріскен жоқпын. Күтіп жүрдім. Бәрін бақылап жүрдім. Премьераға барғанымда Олжас амандасқан да жоқ. Қашады. Бәрін сезіп тұрмын. Одан өттік. Олар басқа қалаларға кетті. Бір аптадан соң миллиард теңге көтерді дегенде тағы хабарласамын. Тағы да сол жауабын айтады. Миллиард теңгеден соң мүлде өзгеріп кеткен", - дейді ол.