Келіншегімнің танымалдығы артып, менің сағым төмендей бастады – Дариға Бадықованың экс-күйеуі (ВИДЕО)

/
Келіншегімнің танымалдығы артып, менің сағым төмендей бастады – Дариға Бадықованың экс-күйеуі (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, театрдан кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Театрда жұмыс істеген кезде Дариғаның тарапынан қызғаныш көп болды. Сен кіммен отырсың, анаған ғашықсың ба, мынаған ғашықсың ба деді. Мен 2007 жылдың қараша айында кірдім. Сол уақытта қызғаныш көп болғаннан 2013 жылға дейін шыдадым. Театрдан кетейінші, сен тыныш болшы дедім де, оған еркіндікті бердім.

Ұстазымыз Болат Атабаев былай дейтін. Бір үйден бірдей екі өнерлі адам болса, бірінші біреуінің өсуіне, дамуына, танымал болуына кезекті беру керек. Екі адамға көп энергия кетеді, қиын болады деп айтатын. Сондай қызғаныш болған соң, құлағым тыныш болсын деп, бір жағынан келіншегіме сыйлық болсын деп ақылдасып, "Давай, мен саған еркіндік берейін. Сен өс, өн" дедім. Оған еркіндікті беремін, бірақ маған еркіндік жоқ. Хабарласа  береді. Содан 2013 жылы кетуге бел будым. Қайтадан келдім. 2014 жылы басшылық қызметке келдім. Онда да жаңағындай бастады. Қоңыраулар түседі. Еркіндік жоқ. Ер адамда еркіндік болмағаннан кейін, "Қайда?" деген қоңыраулар болса сағы сына береді екен, өзін-өзі аша қала алмайды екен. Ер адам түзде көп жүруіміз керек.

Ер азамат  түзден үйіне нәпақасын тауып келеді. Ондай түздік өмірден жабайы болып қалғанмын. Содан 2015 жылы театрдан қайта кеттім тыныштық керек деп. Сол кеткенде менде құлдырау басталып, жолым жабыла бастады. Келіншегімнің танымалдығы арта бастап, менің сағым төмендей бастады", – дейді актер. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары