«Басқа әйелді таңдады»: Актер Әбілмансұр Серіковтің экс-зайыбы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
«Басқа әйелді таңдады»: Актер Әбілмансұр Серіковтің экс-зайыбы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бірінші әйелі Фариза Ещанова Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

“Қазір ажырасқанымызға 7 жыл болды. Біздің ажырасуымызға себеп ол басқа әйелді таңдады. Ол кісіні тіпті кінәламаймын да. Әркімнің өзінің таңдауы болды. Сол кісіні таңдады, мен оны сол таңдауына жібере салдым. Барлығы ақылын айтты. Ол жерде таңдау болды. Мені немесе оны дегендей. Ол кісі оны таңдады, сосын мен “оны өз еркіне жіберу керек” деп ойладым. Көп армандарымнан тұрмысқа шыққар кезде бас тарттым. Тек соған ғана өкінген кездерім болды. “Мен де осылай түсіп жүретін едім ғой, мен де мықты ұстаздан білім алып едім ғой” деген болды. Ал былай өкініш болған жоқ, тек сол жағынан демесең”, – деді актриса.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары