Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов 45 миллион теңге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айтуынша, ол алаяқтардың құрбаны болған.
45 млн кредит, 2 жылға созылған уақыт... Менде бәрі идеально емес, бәрінің басында проблема бар. Мүңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, арласпай адамды сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын алаяқтыққа ұрынып 45 млға қадалу. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Бармаған жер, баспаған тау қалмады. Өкіметтік органдар ешкім жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер бізді қораға тыққысы келеді жоқ машинаның кредитін төлеңдер деп. Вообщем айта берсең кино, сериал, дорама ғой. Кредит менің мойнымда, 45 млн тақалып тұр, деді ол.