Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубының жейдесін қолдан, скотчтап жасаған баламен кездесті (ВИДЕО)

/
Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубының жейдесін қолдан, скотчтап жасаған баламен кездесті (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Жуырда әлеуметтік желіде бір видео тарады. Онда кішкентай бала қара жейдеден және сары скотчтан «Қайрат» футбол  клубының қолдан жасалған жейдесін жасап, арқасына Сатпаев деп жазған еді.

Оның есімі - Ықылас. Ол Түркістанда тұрады. Баланы «Қайрат» футбол клубы жаттығу базасына шақырды.

Онда бала өз кумирімен кездесті.

Дастан Сатпаев оған қолтаңбасы бар шынайы ойын жейдесін сыйлап, сәттілік тіледі. Бұл күн Ықыластың есінде мәңгі қалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары