Қақпашы Темірлан Анарбековке көлік сыйға берілді (ВИДЕО)

/
Қақпашы Темірлан Анарбековке көлік сыйға берілді (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше сыйға ие болды. Оған Zigi Zagi компаниясы қақпашыға заманауи автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Компания басшысы қақпашыға көліктің халық атынан беріліп жатқанын айтып, футболшының анасына да бір құшақ гүлін сыйлады.

«Барша қазақ халқына қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Нәтиже менің ғана емес, бүкіл клубтың еңбегі деп ойлаймын. Сіздер бізге жанкүйер болған сайын біз барымызды саламыз», – деді Темірлан Анарбеков.

Темірлан Анарбеков соңғы айларда бірнеше маңызды матчта «Қайраттың» қақпасын сенімді қорғап, жанкүйерлердің зор ықыласына бөленген болатын. Іріктеу кезеңінде өз алаңында Шотландияның «Селтигін» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған «Қайрат» клубының өкілдерімен Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті арнайы құттықтаған еді.

Кәсіпкер екеуінің еңбегін ерекше атап өтіп, сыйлығын тарту етті. Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігінің кілті табысталса, пенальти сериясында қарсыластың үш соққысын қайтарып, матчтың қаһарманы атанған Анарбековке Apple Macbook берілді. 

Айта кетейік, Анарбеков пенальти сериясында алдымен Адам Айданың соққысын қайтарса, кейін Маккованға қақпаны дәл көздеуге мүмкіндік берген жоқ. Сонан соң Маэданың добын қағып алып, «Қайратты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары