Павлодар – Қызылорда автожолында Toyota Alphard көлігі жылқыны қақты. Жол апатынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала деректерге сәйкес, 2 қазан күні Павлодар – Қызылорда автожолында, Атамекен ауылының маңында Toyota Alphard жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, жылқыны қағып кеткен. Соның салдарынан көлік жол жиегіне аударылған.
Жол апатынан екі жолаушы көз жұмып, жүргізуші жарақат алды. Тергеу барысында жануар иесінің іс-әрекетіне де құқықтық баға берілмек.
Полиция осындай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуды және көліктің техникалық жағдайын қадағалауды еске салды.