Павлодар облысында болған қайғылы жол апатында жүргізуші қаза тауып, жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала дерек бойынша, 3 қазанда Чернорецк – Ольгино – Успенка – Щербакты автожолында, Ольгино ауылынан 9 шақырым қашықтықта КамАЗ жүргізушісі жол ережесін сақтамай, көлік аударылып кеткен.
“Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаудың маңыздылығын еске салады”, – делінген ведомство таратқан хабарламада.