Үлкен қаладағы ұйқысыздықтың басты себептері тек шу мен жарықтың көптігі емес екен. Жапон ғалымдары жүргізген зерттеу көрсеткендей, тұрғын үйдің аумағы мен жұмысқа қатынау уақыты да денсаулыққа тікелей әсер етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Osaka Metropolitan University мамандары Токио тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, пәтердің көлемі мен жолға кететін уақыттың ұйқы сапасына ықпалын бағалады. Нәтижесінде, тар пәтерде тұратындар мен ұзақ уақыт жолға жұмсайтындарда ұйқысыздық жиі кездескені анықталды.
Зерттеу барысында ғалымдар нақты шектік көрсеткішті де белгіледі: төрт адамнан тұратын отбасы үшін 95 шаршы метрлік пәтерде тұрса, жұмысқа бір бағытта 52 минуттан артық жол жүру – созылмалы ұйқы жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, мегаполисте тұрғын үй таңдау енді тек баға мен жайлылық мәселесі емес. Бұл – тікелей денсаулыққа байланысты фактор. Себебі шаршы метрдің аздығы мен ұзақ жол ұйқының сапасын төмендетіп, күндізгі белсенділік пен еңбек өнімділігін азайтады.
Зерттеушілер «уақыт пен кеңістіктің тепе-теңдігін табу» – мегаполистегі салауатты өмірдің басты шарты екенін атап өтті.