«Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады

/
«Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады
istockphoto.com

Бүгін Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды екенін айтты. Осы орайда «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастағанын да атап өтті.

«Кеше Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында білім беру мәселелері қаралды. Әлемге танымал сарапшылармен бірге адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды, нақты міндеттер айқындалды. Ең бастысы, жасанды интеллект саласындағы тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды.

Сондай-ақ бүгін «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталықты инновациялар мен тың идеялардың мекені деуге болады. Жалпы, Қазақстан осы саладағы кез келген ынтымақтастыққа ашық. Сондай-ақ біз елімізде екінші суперкомпьютер кластерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллект тек игі мақсатқа қызмет етуі керек. Адам игілігі басты орында тұрады. «Alem.ai» жасанды интеллектіні барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолданатын жаһандық орталық болуға тиіс. Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды. Сондықтан жаңа университет және «Alem.ai» орталығы біртұтас экожүйенің негізгі өзегі ретінде қызмет етуі керек»», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары