«Жамбасымнан ұстады»: Футбол көруге барған блогер Сабина жігіттердің қандай әрекетке барғанын айтты (ВИДЕО)

/
«Жамбасымнан ұстады»: Футбол көруге барған блогер Сабина жігіттердің қандай әрекетке барғанын айтты (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Блогер Сабина Мовлаева әлеуметтік желідегі парақшасында "Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуі кезінде болған жағымсыз жағдай туралы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтуынша, матчтан кейін кейбір жігіттер көпшілікті пайдаланып, қыздарға тиіскен.

"Ұят та болса айтайын сіздерге. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнамай қалды. Мен матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Осы жолы ол босамай қалып, құрбыммен баруға тура келді. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Шынын айтатын болсам, біреулер жамбасымнан ұстап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, ашық-шашық, тырысып тұрған киімде болған жоқпын. Артыма қарасам қазақ азаматтары. Құрбыма айтсам, оған да солай істепті. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі анау. Сонда бізді кім қорғайды? Мен максималды тез шығып кетуге тырыстым. Итеріліп, паника ұстап кеттім... Өз жерімде неге олай?", деді ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары